21.05.2015, 7:30
Қараулар: 339
Тал түсте мылтық кезеніп…

Тал түсте мылтық кезеніп…

IMG_0251


Таяуда тәртіп сақшысы Орал қаласында қарақшылық шабуыл жасап,  ізін суытпақшы  болған адаммен бетпе-бет кездесіп, жолын кесуге тырысты. Оқиға былай өрбіген.


19 сәуір күні қызмет атқару кезінде ІІД тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі, полиция аға сержанты  Ғабит  Нұғманов қызмет бабымен қала көшесінде  көлікпен келе жатады. Кенет белгісіз біреудің көшедегі үйлердің бірінің қақпасынан ыршып түсіп жүгіріп бара жатқанын байқайды. Оның бұл жүгірісінен күдіктенген  тәртіп сақшысы соңына түседі. Бір кезде ол үйлердің жанында орналасқан гараждардың арасына кіріп кетеді. Соңынан қалмаған полицейге кенет  тұра  қалып қару  кезенеді. Ғабит көлігінің  орындығына жата қалады да, сәлден  кейін басын көтеріп қараса, әлгі  көзден  ғайып болған. Тәртіп сақшысы соңынан жүгіреді. Жүгіріп жеткен полиция қызметкеріне әлгі күдікті «Бауыр, мені  жібер, қума, атамын!» деп одан әрі қаша жөнеледі. Сөйтіп,  әлгі коттедж үйлердің бірінің ауласына секіріп түсіп, көзден ғайып болады. Оның ешқайда қашып құтылмайтынын сезген тәртіп сақшысы дереу өз әріптестерін көмекке шақырады. Кейін  бәрі  белгілі  болды.

Күдікті сол күні Алмазов көшесінің бойындағы үйлердің біріне кіріп, қолындағы аңшылық қаруымен қорқытып, үй иесінің ақшасы мен бағалы алтын бұйымдарын тонап кеткен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі үйдің біріне еніп, қаруды аулаға жасырып  үлгерген күдіктіні қолға түсірді. 48 жасар  күдіктінің  бұрын сотты болғаны анықталды. Ал қызмет атқару кезінде қырағылық танытып, қылмыскердің кезенген қаруынан тайсалмай,  қайсарлық көрсетіп, қылмыстың ашылуына себепкер болған аға сержант Ғабит  Нұғманов ІІД басшылығы тарапынан марапат-тауға ұсынылды.

Асылай ҒҰБАШЕВА,

БҚО  ІІД  баспасөз  қызметкері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар