9.06.2015, 16:46
Қараулар: 261
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Безимени-1

«Болашақ» қауымдастығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға жәрдемдесу аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуда

Бұл жөнінде «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Бірлестіктің алдағы 3 жылға арналған негізгі даму бағыттарын белгілейтін құжат – Қауымдастық Стратегиясында маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Осы бағыт шеңберінде бірнеше ірі жобалар іске асырылатын болады, олардың бірі — «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы», — деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қ. Бишімбаев.

Байқау жас кәсіпкерлерге өз бизнестеріне нақты қаражат алуға,   сондай-ақ, бизнес-жоспарларды әзірлеу мен өз жобаларын таныстыру бойынша оқыту тренингтерінен өтіп, бизнес іскерлерінен кеңес алуға мүмкіндік береді. Бизнес-жобалардың өндірістік процеске енгізілуі оларды іріктеудің басты критерийі болады, оның нәтижесі бойынша «Қазақстанда жасалған» деген белгімен өнім шығарылады.

«Жас Сарапшы» және «Business Сompetition» байқаулары Қазақстанның жастары арасында кәсіпкерлік бастамаларды ынталандырудың маңызды тетіктеріне айналмақ. Онда қатысушылар нақты бизнес-кейстерді шешіп, Қазақстанның табысты кәсіпкерлерінен құралған сарапшылар алқасымен сұхбаттасу кезеңдерінен өтуі тиіс. Мәселен,  «Жас Сарапшы» байқауының жеңімпаздарына Еуропаның беделді бизнес-мектептерінің бірінің елордадағы филиалында  MBA дәрежесін алу үшін 3 грант берілетін болады.

«Бизнес тетіктерін тереңірек зерттеу үшін Қауымдастық бизнес-кейстердің 1-ші қазақстандық жинағын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығармақ. Онда отандық бизнес іскерлерінің, оның ішінде ірі компаниялар топ-менеджментінің тәжірибесінде кездескен нақты кейстер жинақталатын болады», — деп атап өтті Ұйым кеңесінің төрағасы.

Жас кәсіпкерлер мен мамандарға қолдау көрсетудің осы шаралардың барлығы Елбасының аса маңызды бағдарламалық құжаттарында көрініс тапты. Елбасы халықаралық тәжірибе мен білімдерге қол жеткізген «Болашақ» бағдарламасының түлектері бизнес жүргізуді жаңа сапалы деңгейіне шыға отырып, өз білімдерін Қазақстан жағдайына бейімдеп өзгертеді деген үмітін білдірген болатын.

«Болашақ» қауымдастығы «100 қадам» құжатында айқындалған Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын жүзеге асыруға белсенді атсалысып отыр. Қауымдастық негізінде құрылған Мансап орталығы жас мамандарды жұмысқа орналастыру және олардың мансабына қолдау көрсету бойынша жәрдемдеседі. Қазіргі таңда мамандар саны 4 мыңға жететін база қалыптасты, сондай-ақ, hr.bolashak.kz сайтында онлайн-платформа жұмыс жасауда. Орталық жанында «Internship Bolashak» жобасы іске қосылды, оған қатысушылар ең ірі кәсіпорындар, банктер мен еліміздің басқа да ұйымдарында еңбекақысы төленетін тағылымдамалардан өте алады. Арнайы осы мақсат үшін Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен банктерінің басшыларымен 14 меморандумға қол қойылды. Бұл жоба арқылы 100-ден астам жас мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Еліміздің жетекші колледждері мен жоғары оқу орындарында экономиканың басты салалары үшін білікті кадрларды даярлау туралы  «100 қадам» Ұлт жоспарының тармағын іске асыру аясында Қауымдастық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің озық білімдері мен тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттерімен бөлісу мақсатында «Болашақ сабақтары» атты дәрістерді, «Болашақ жастар үшін» оқыту бизнес-тренингтерді, шеберлік-сыныптар мен семинарларды өткізуді жалғастырады.

Қазіргі күні бірлестік құрамында 1 180 адам бар. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның деректері бойынша 8 мыңнан  аса қазақстандық «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылады.

«Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру арқылы біз қуатты әрі табысты Қазақстанды құру бойынша Елбасысының бастамаларын және маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға барынша үлес қосып келеміз», — деп атап өтті Қ. Бишімбаев.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар