18.06.2015, 7:40
Қараулар: 377
Мемлекеттің қолдауымен КӘСІБІ ӨРІСТЕГЕН КОМПАНИЯ

Мемлекеттің қолдауымен КӘСІБІ ӨРІСТЕГЕН КОМПАНИЯ


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, кәсібін өрістеткен компаниялардың бірі «Стекло-сервис» ЖШС-ның өндірістік базасында пресс-тур ұйымдастырылды.


Өңір журналистеріне компанияның тыныс-тіршілігі туралы аталмыш кәсіпорынның өндіріс басшысы Анатолий Галицкий әңгімелеп берді.

— Кәсіпорын іргесі 2001 жылы қаланды. Ол кезде бүгінгі директорымыз Аркадий Рубцов бастаған 3-4 қызметкер ғана еңбек ететін бір қабатты шеберхана болатын. Бүгінде қызметкерлер саны 60-қа дейін өсті. Өнімдеріміздің 50 пайыздайы экспортталады. Бір ауысымда 1000 әйнек пакетін, соншалықты шаршы метр шыңдалған әйнек, сондай-ақ 1500-дей әйнек кесіндісін дайындап шығарамыз. Біз өндірген үлкен өлшемді шыңдалған әйнектер қаламыздағы «Әмбебап» сауда үйі секілді бірқатар іргелі ғимараттардың құрылысына пайдаланылды. Өнімдерімізді шығарғанда техникалық тұрғыдан адам өміріне барынша қауіпсіз болуын басты мақсат тұтамыз. Мөлдір әйнекті қажетті жағдайда арнайы диодтардың көмегімен күңгірт түске айналдыратын технология бар. Осыны өндірісімізге енгізу бағытында жұмыстанудамыз. Керекті шикізаттарды Ресейден аламыз. Кәсіпорында заманға сай автоматтандырылған жабдықтарды қолдану аясы да уақыт өткен сайын кеңейіп келеді. Бұл жұмысты жеңілдетіп, өндіріс қарқынын күшейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тапсырыс бойынша Астана қаласындағы Мұз аренасының құрылысына қажетті әйнек өнімдерін дайындаудамыз, — деді өндіріс басшысы.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар