7.12.2015, 11:04
Қараулар: 250
Мерекелік марапат

Мерекелік марапат

Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.

–Алпауыт елдермен иық тіресіп, Қазақ елінің туын асқақтата желбіретуде Мемлекет басшысының көрегенді ішкі және сыртқы саясаты Қазақстан Республикасы азаматтарының жан-жақты өркендеуіне айқын жол ашты,-деп сөз саптаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жиналғандарды осынау мерекемен құттықтай келіп, ел еңсесі биіктей берсін деген тілегін жеткізді.

Аудандық мәслихат шешімімен «Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болған бірқатар еңбек ардагерлері де осы салтанатта марапатталды. Олардың арасында Мұратсай ауылдық округінің Тайғара елді мекені тұрғыны Қабылхан Биарыстанов және сайқындықтар – аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы  Серік Таңатов, мүшелері Бақытжан Закиров пен Сағынәлі Ықсанов, «Аруана» әжелер ансамблінің жетекшісі Шәкира Ишанғалиева және «Орда жұлдызы» газетінің аға тілшісі Амантай  Хамзин бар.

Сондай-ақ, бұл күні аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Серік Айтқалиев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Салтанат Молдашева, Бөкей ордасы колледжі директорның орынбасары Нұргүл Омаровалар аудан басшысының «Алғыс хатын» иеленсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Тілеген Арыстанбеков партияның жас мүшелеріне билеттерін табыс етті.

Аталмыш жиын соңы «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты мерекелік концертке ұласты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар