9.02.2016, 10:49
Қараулар: 223
Байлам мен бағдар айқын

Байлам мен бағдар айқын

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс оздырылған XVII съезіне облысымыздан 33 делегат, шақырумен 15, барлығы − 48 адам барып-қайттық.

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты партияның сайлауалды бағдарламасын жариялады. Бұл бағдарлама Қазақстан халқының әл-ауқатын бұрынғыдан әрі жақсаруға, елдегі бірлікті, тұрақтылықты сақтауға, жасампаздықты жаңғыртуға бағытталған.

Айта кетелік, съезге республикаға танымал қоғам қайраткерлері, олимпиада чемпиондары, өнер жұлдыздары, еңбек және партия ардагерлері қатысып, бірқатары партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде (127 адам) тіркелді. Енді съезде белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді салып, жұмыстанатын боламыз.

Жасыратыны жоқ, партия бағдарламасын сапалы орындау ел бірлігін нығайтуға және экономиканың әрі қарай дамуына жаңа серпін береді. Жерлестерімді осы іске жұмыла кірісуге, алдағы сайлауда белсенділік танытып, байыпты таңдау жасауға шақырамын.

 Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар