21.06.2016, 20:03
Қараулар: 218
Экстремистік әрекеттер айыпталды

Экстремистік әрекеттер айыпталды

р-463Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте Ақтөбе қаласында орын алған террористік әрекеттерге байланысты Сайқын ауылдық округі әкімдігінде «Біз діни экстремизмге қарсымыз!» атты «дөңгелек үстел» өтті.

 

Онда аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Т.Арыстанбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әжіғалиев, Сайқын ауылдық округінің әкімі Б.Насимоллин, жастармен жұмыс жөніндегі аудандық ресурстық орталық басшысы И.Құрмашев, аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ж.Әшенов және аудан орталығындағы мекемелерінің жас қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында адамдардың арасында қорқыныш пен сенімсіздік тудырып, үрей жасау, елдің бірлігі мен тұтастығына нұқсан келтіру бағытында жасалған экстремистік әрекеттер айыпталып, олардың алдын алу мен жолын кесу шаралары талқыланды.

И.РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ