12.07.2016, 12:27
Қараулар: 248
Ветанықтама алғың келсе…

Ветанықтама алғың келсе…

Аудандық ветеринария бөлімінде 4 маман жұмыс атқарады. Бөлім басшысы – ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері, өзге лауазымды тұлғалар – мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер саналады. Міндетіміз – жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың енбеуін қадағалау. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғануды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру, карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу және оны тоқтату туралы шешімдердің жобасын әзірлеу, ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік аумағында ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне  ветеринариялық-санитариялық  қорытынды беру, жануарларды өсіруді, союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, сатуды жүзеге асыратын және ветеринариялық препараттарды, жем, жемазық қоспаларын өндіріп, сақтау-сатумен айналысатын өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру сынды мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеміз.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен талаптарға сәйкестігін анықтайтын құжат. Оның бланкісі үшін 50 теңге «Қазпошта» бөлімшелері арқылы аударылады.

Мемқызметті алу үшін стандартқа сәйкес өтініш толтырып, жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін), жалға алу шартының құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін растайтын құжат көшірмесі, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланксінің құны төлегенін растайтын түбіртекті (квитанция) әкеліп тапсыру қажет. Құжаттар қабылданған соң жеке және заңды тұлғаларға тексеріс ашылып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға мен талаптарға сәйкестігі анықталады. Өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қорытынды беріледі.

Өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру тегін жүргізіледі. Ол үшін қажетті құжаттар:

  • стандартқа сәйкес толтырылған өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.

Аталған қызметтер туралы қосымша ақпаратты аудандық ветеринария бөлімінен алуға болады. Мекенжайымыз: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй. Байланыс телефоны: 21-7-57.

Қ.КӘРІМОВ,

аудандық ветеринария

бөлімінің бас маманы.