16.08.2016, 15:40
Қараулар: 346
«Күпірлік – қауіпті нәрсе!»

«Күпірлік – қауіпті нәрсе!»

Араб тілінде «тәкфір» сөзі біреуді дінсіздікпен, діннен шығумен айыптау мағынасындағы «кәфара» етістігінен шыққан.

 

«Тәкфір» идеясы барлық діни-экстремистік және террористік ұйымдар мен ағымдардың идеологиялық негіздерінде кездеседі. Оның ықпалына түскен адам айналасындағы мұсылмандарды, тіпті туған-туыстары мен бауырларын дәйексіз түрде «дінсіз», «діннен шыққан» деп айыптауға бейім болады. Тәкфіршілік көзқарасты ұстанғандар діни негізде отбасынан, қоғамынан, әрмен қарай мемлекетінен оқшаулана түсіп, зайырлылық және басқа конфессияларға қатысты барлық нышандарға төзімділік танытып, көбіне радикалды, экстремистік ағымдардың қатарына қосылады.

Тәкфіршілік идеясын ұстанушылар қатарында қоғамда қалыптасқан қағидаттарға қарсы радикалды және қылмыстық ниеттегілерден басқа, өзгелерді “діннен безгендер” және «дінсіздер» деп жөнсіз айыптаудың жауапкершілігін сезбейтін, адасқан мұсылмандардың да болуы мүмкін. Олардың мақсаты қоғамдағы мұсылмандарды жікке бөліп, бір-біріне қарсы қоя отырып, сенушілер арасында бүлік тудыру болып табылады.

Адам өзінің адасушылығын  мойындау,  яки, түсіну былай тұрсын, тек өзінің бағытын дұрыс, өзгені бұрыс деп, кәпір деп айыптаумен қоғам ішінде жік тудырады. Бұлай айыптау мәселесі тарихта алғаш харижиттерден бастау алады. Исламның бұйырған бір амалын тәрк ету немесе өздеріне қосылмаған әрбір мұсылман олар үшін кәпір еді. Мысалы, олар өмірінде жәннатпен сүйіншіленген Әли (р.а )  сынды ұлы сахабаның өзін кәпір деп айыптады. Бұл харижиттердің ілімінің таяздығының залалы. Тарихта алғаш рет харижиттер үлкен күнә істеген кісіні күпірлікпен айыптады.

Харижиттердің ақидасы бойынша амал мен иман бір, сол себепті амалдың бірін тәрк еткен кісі кәпір. Харижит ағымы тарихтан жойылғанымен, өкінішке орай, ғасырымызда жаңа харижиттік ақида сипатымен кейбір мұсылман жамағаттары әр жерден   «Тәкфір жамағаты», » Кәфһ жамағаты»,  «Хижрат жамағаты»  секілді  аттармен  бой көтеріп жатқандығы мәлім. Мысалы, мұндай түсініктегі мұсылман жамағаттары Мысыр, Сирия, Иемен, Түркия, Пакистан, Иордания, т.б. мұсылман елдерінде болғандай, елімізде де кейбір бауырларымыз адасушы харижиттік ақиданы жандандыруға әрекет етуде.

Сәләфилер төрт топқа бөлінеді:

  1. Мадхалиттер — ресми билікті мойындайды. Сауд Арабиясына қызмет етеді. Ешқандай жамағатқа бірікпейді.
  2. Мединалықтар (Суруриттер) — жамағатқа бірігеді, басшылар сайлайды. Бұлар мемлекетке тікелей қауіпті емес, діни басшылыққа қарсы.
  3. Такфирлер 1990 жылдары еліміздің батыс облыстарында пайда болды. Басқа мұсылмандарға сенбейді. Зайырлы заңдарды мойындамайды.
  4. Сәләфилер радикалдар — жиһадшылар, террорға шақырады. Ауғанстан мен Шешенстанда соғысқа шақырады.

Ілімсіздіктің басты залалы өзін хақ, өзгелерді такфир (кәпір деп айыптау) ету. Бұлай әрекет ету кейбір адамдардың ойлағанындай атүсті айтатын нәрсе емес. Керісінше, өте қауіпті. Себебі шариғат үкімдерінде терең  фиқһ іліміне сүйенбейінше ықыласты болу жеткіліксіз. Харижиттер осындай қателікке түскен еді.  Сондықтан сәләф имамдары ғибадат пен жиһадтан ең алдымен білім алуды өсиет еткен. Хасан әл- Басри бұл жайында былай дейді: «Ілімсіз амал еткен, жолсыз жүргенмен тең. Ілімсіз амал еткен кісінің бүлдіргендері туралағанынан да көп. Олай болса сіз ілімді ғибадатқа зиян  тигізбейтіндей үйреніңіз. Ғибадатты да ілімге зиян тигізбейтіндей етіп үйреніңдер. Себебі ғибадатты үйреніп, ілімді тәрк еткен топ Мұхаммед үмметіне қылыш көтеретіндей артық кетті. Егер олар ілім алғанда ілім оларды бұған жібермес еді».

Ислам негізі бойынша көрінгенді такфир етуге болмайды. Тек біле тұра Алланы, оның  Елшісі Мұхаммедті, ахиретті жоққа шығарса, халал, харам  танымай парызға сенбесе ғана кәпір болып табылады. Алайда, өзін мұсылман деп санаған пендені кәпір деп айыптауға тыйым салынады. Бір кісіні  саналы түрде кәпір деп айыптау шындығында қауіпті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Бір адам бір адамға пасық немесе кәпір деп сөз айтпасын. Негізінде ол кісіде бұл жағдай болмайтын  болса, айтылған сөз оны айтқанға кері келеді». Өйткені, бір мұсылман кісіні такфир етумен мынадай жағдайлар орындалуы тиіс болады:

  1. Ол мұсылман пенденің әйелін оған харам етесіз. Бұл жағдайда екеуі ажырасуы тиіс. Өйткені, Құранда бұйырылғандай мұсылман әйелдің кәпірге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ.
  2. Ол пендеге балаларының қасында қыдыруға болмайды. Себебі күпірлігі бала-шағасын улауы мүмкін. Тірі жетім болған балаларды бағу өзге мұсылмандардың мойнына аманат етіп жүктеледі.
  3. Ашық түрде күпір еткен пенде діннен шыққандықтан онымен қатынас жасалмайды.
  4. Оны тәубе етуге шақыру керек.

5.Өлген жағдайда жаназасы шығарылмауы, мұсылман зиратына  жерленбеуі керек.

  1. Күпірлікпен өлген жағдайда мәңгі тозақтық болады.

Жалпы Әһли-сунна уал жамағат бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауәридждер, рафидилер және қадарилер сияқты бидғатты жақтаушылардан ерекше, бір-бірін күпірлікте айыптамайды! Имам Хатыб әл-Бағдади былай дейтін: «Әһлю-Суннәға қайшы келетіндердің қатарында, бұл хауәридждермен, рафидилермен және қадарилермен орын алатынындай, бір-біріне такфир жасамайтын және бір-бірінен бас тартпайтын адасушы топ жоқ.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта кейбір адамдар қарапайым мұсылмандар былай тұрсын тіпті осы үмметтің атақты ғалымдарын да күпірлікте айыптауға дейін барды.

 

أَيُّ  يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آَمَنُوا إِذَا ضَرَبْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَتَبَيَّنُوا وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَامَ لَسْتَ مُؤْمِنًا تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا

Аллаһ Тағала Өзінің Ұлы Кітабында былай дейді: «Әй, мүміндер! Аллаһ жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: «Сен — кәпірсің», — демеңдер». (ән-Нисә 4: 94).

Пайғамбарымыздың хадистерінде:

Ибн Умардан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер қандайда бір адам мұсылманға: «Әй, кәпір!» — десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады».

Әбу Зәррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзінің бауырына: «Кәпір», немесе «Аллаһтың дұшпаны», – десе, ал, ол олай болып табылмаса, онда айтылған нәрсе осыны айтқанға қайта оралады!»

Имам Ибн Асакир мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тыйым салатын хадистерге қатысты былай деген: «Бұл хабарлар мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салады, ал, кім мұны жасаған болса, ол елшілердің мырзасын (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыңдамаған болады!» («Табәйин кизб әл-муфтара» 405).

Ұсама ибн Зәйд сахабасының басынан өткен мына бір оқиға «Лә иләһа иллаллаһ»  сөзінің салмаған көрсетеді. Ұсама ибн Зәйд  (р.а)   қиян — кескі соғыста жаудың бір әскеріне енді қылыш көтеріп, басын шабуға ұмтылғанда әлгі кісі «Лә иләһа иллаллаһ»  деп қалады. Ұсама оның бұл сөзін қорыққандағы айласы деп ұққандықтан, әлгіні сол мезетте өлтіреді. Кейіннен оқиға баяндалғанда, Алла елшісі  (с.а.у)  қатты кейіп Ұсамаға «Алла деген бір адамды өлтірдің бе?»   — дейді. Ұсама: » Ол оны қорыққаннан айтты» — дегенде, Пайғамбарымыз: «Оның қорыққаннан яки шын ниетімен айтқанын сен қайдан білдің, жүрегін жарып көрдің бе?! Ертең ақыретте  «Лә иләһа иллаллаһ» сөзі жағаңа жабысса жағдайың нешік?» деп қатты кейіс білдіреді. Бұл сөзін бірнеше рет қайталағаны соншалық, Ұсама ибн Зәйд» Қап, осы оқиғаны  басымнан өткізбегенімде ғой.  Осы сәтке дейін мұсылман болмай тұра тұрғаным әлдеқайда артық па еді?! деп өмір бойы қатты өкінеді.

Бұл үмметтің атақты имамдарының біраз сөздерін келтірейік:

Имам Әбу Ханифа өзінің «Фиқһул -әкбар» кітабында:

ولا نكفر مُسْلماً بِذنبِ منِ الذُّنوبِ و إن كانت  كبيرةً إذا لم يستحلها ، ولا نُزيل عنه اسمَ الإيمانِ وَ نُسمه مؤمناً حقيقةً ، وَ يجوز أنْ يكون مؤمنا فاقساً غير كافرٍ.

«Мұсылманды  бір күнәсі үшін, тіпті, үлкен күнә жасаса да,  егер харамды халал деп айтпаса, діннен шығармаймыз әрі оны имансыз демейміз, момын деп атаймыз. Ол дінсіз емес, пасық момын болуы әбден мүмкін». Әрі Имам Ибн Абидин былай дейтін: «Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен муминнің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын». Хафиз Ибн Хаджәр былай деген: «Кімнің Исламы айқын болса, ол одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды».

Руслан ТЫНЫШТЫҚҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл им