Тәуелсіздігіміздің темірқазығы

Күні , 20 рет оқылды

Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни, біздің қоғам өмірінің негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие.   Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы кезеңдерден бастап-ақ, Қазақ елі ең әуелі конституциялық құрылысы мен құқықтық жүйесін бекемдеуге кірісті. 1993 жылы алғашқы Конституцияның кеңестік құрылыс желісінде қабылданып, өтпелілік сипатқа ие болуы, нарық экономикасына үйлесімсіз жақтарының болғандығы және бұрынғы кеңестік қағидалардың шеңберінен шыға алмай, әкімшілдік ережелерді арқау етіп, мемлекеттің демократиялық институттарының дамуына тұсау бола бастағандығына байланысты 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық қолданыстағы Конституция қабылданды. Осылайша, 30 тамыз – Конституция күні болып белгіленді. Онда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қағида бекітілді, еліміздегі биліктің үш тармағы: атқарушы, заң шығарушы, сот билігінің рөлі айқындалды. Тәуелсіздігіміздің темірқазығындай болған Ата Заңымызды қастерлеу және оның қағидаларын сақтау – әрбір қазақстандықтың парызы мен міндеті. Татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының бірлігі бүгінде әлем жұртшылығына үлгі-өнегеге айналды. Еліміздің сот жүйесі қоғамның барлық саласында заң үстемдігінің орнығуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап келеді. Бұдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң қазақ мемлекеттілігін құрып, дамытудың жалғасы іспетті. Сотта адамның тағдыры, өзара даулары шешіледі, олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады. Мереке күні сот жүйесінде өзінің адал еңбегімен халықтың алғысына бөленіп жүрген судья С.Құдайбергеновті, көп жылдық еңбек өтілі бар бас маман – сот хатшысы Ы.Абдоллинді, жас мамандар А.Аманов, Б.Ману, Ж.Қанатұлы есімдерін ілтипатпен атап кетсек артық болмас. Басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Тыныштық және Бірлігіміз нығая түссін. Ата Заңның аясында Қазақстанымыз қарыштап алға баса берсін.

З.ЗАЙНОЛЛИНА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64