5.10.2016, 15:57
Қараулар: 309
Есеп нақтылықты сүйеді

Есеп нақтылықты сүйеді

ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосудың жоспарын (Ұлт Жоспарын) белгілеп, оны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын көрсетіп берген Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекеттің қаржы саласындағы жағдайына қатаң бақылау жасап, нақты есеп жүргізудің, қаражаттың өз мақсатында жұмсалуын қадағалаудың қажеттігі жөнінде баса айтты.

Осы ретте айта кету керек, қазынашылық комитет 2008 жылдан «Қазынашылық–Клиент» ақпараттық жүйесіне біртіндеп көше бастаған еді. Бүгінде барлық қаржылық операциялар аталмыш жүйе арқылы жүзеге асуда.  Бұл электрондық құжат айналымы мемлекеттік мекемелер мен қазынашылық орган арасындағы қағазбастылықты жойып қана қоймай,  көлік шығындарын азайтуға және есеп-қисаптың сапалы орындалуына өз септігін тигізуде. Сонымен қатар бюджеттің барлық деңгейдегі жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуде. Бұрындары қызмет көрсету және құжатты өңдеу үш жұмыс күні ішінде атқарылса, қазіргі таңда, нақтырақ айтсақ, 2013 жылдан бастап, бұл қызмет бір-ақ күнде көрсетіледі. Мәселен, жалақы не өзге де төлемдер сегіз сағаттың ішінде діттеген жеріне жеткізіледі.

Міне, осындай қарқынмен аудандық қазынашылық басқарма қызметкерлері де Мемлекет басшысы қойып отырған міндеттерді орындау жолында өз күш-жігерлерін, білім-біліктерін жұмсап, қоғам мен халық игілігі үшін талмай еңбектенуде.

Ақмарал ЖАНҒАЛИЕВА,

аудандық қазынашылық басқарма

 басшысының орынбасары.

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар