25.10.2016, 14:04
Қараулар: 257
Лицензия алымы

Лицензия алымы

Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын салық төлеушілер алым сомасын лицензиарға тұрғылықты жері бойынша тиісті құжаттарды бергенге дейін 30 АЕК төлейді. Осы көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер тиісті қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін 30 АЕК төлеуге тиісті (бір АЕК 2121 теңге болып, жалпы сомасы 63,6 мың теңгені құрайды).

Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін (лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда) төленген алымның сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді. Осыған орай, көрсетілген мерзімге дейін алымды төлемеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК 282 б. 8 б. сай ол заң бұзушылық болып есептеліп, 150 АЕК айыппұл салынады (318,1 мың теңге) және лицензиясы тоқтатылатынын кәсіпкерлердің қаперіне береміз.

Т.ӘЛІШЕВ,

аудандық мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы.