1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация қабылдады.
* * *
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.
* * *
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде салтанатты түрде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.
* * *
1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда тұңғыш рет Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті.
* * *
1992 жылы 22 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелер қабыдау жөніндегі комитеті Қазақстанды БҰҰ-ға қабылдау жөніндегі шешімді бірауыздан мақұлдады.
* * *
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
* * *
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің бас ғимаратына Күлтегін ескерткіші орналастырылды.
* * *
2011 жылы 10 маусымда «EXPO – 2017» көрмесін Астанада өткізу жөнінде шешім қабылданды.