30.12.2016, 12:13
Қараулар: 301
Ұстазға көрсетілген құрмет

Ұстазға көрсетілген құрмет

%d0%b3-562Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов әкімдіктің кіші мәжіліс залында ұзақ жылдар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, білім нәрін сепкен еңбек ардагері, Тәуелсіздік күні 75 жасқа толған ұлағатты ұстаз, ханордалық зейнеткер Рәзия Жаманғаринаны қабылдап, мерейтойымен құттықтай отырып, Алғыс хаты мен шағын сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ, ол мерейжас иесіне облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның Құттықтау хатын табыс етті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, әкім орынбасарлары Р.Зұлқашев, Л.Қайырғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов және басқалар Рәзия Қылышқызының адресіне ақжарма тілектерін айтты.

Қабылдау соңында ұрпақтары аналарына құрмет көрсеткен аудан әкіміне, өздерінің жылы лебіздерін арнаған барша қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ескерткіш суретке түсті.

А.ЖҮНІСОВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар