20.01.2017, 17:59
Қараулар: 203
Пара алған полицей…

Пара алған полицей…

Аудандық ішкі істер бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына және заңнамалық актілерге сай, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде жоспар құрып, ай сайын бөлімнің жеке құрамы арасында тәртіп бұзуға бейім қызметкерлер тізімін жасақтап, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға, оның жолын кесуге бағытталған жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді. Әрі облыс көлемінде болған теріс әрекеттер мен сот үкімдері таныстырылып отырылады.

Жуырда ғана «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбековтың қатысуымен «Ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Онда атқарылып жатқан шараларға қарамастан бөлімнің аға анықтаушысы Е.Ерғалиевтің тарапынан пара алу дерегі орын алғандығы сөз болды. Ол азаматқа қатысты облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366 бабымен қылмыстық іс қозғап, сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғандығы мәлім етілді.

Жалпы, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс. Ал, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері тарапынан осындай келеңсіздіктің белгілерін байқасаңыз, бөлім басшысына, яғни, 21-2-74 сенім телефонына хабарласыңыз. Ондай деректі жеткізген немесе өзге де түрде жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болатынын қаперіңізге береміз.

 

Ғ.ӘБІЛҚАЙЫРОВ,

АІІБ басшысының орынбасары,

полиция майоры.