20.01.2017, 18:31
Қараулар: 275
Сенім телефонының көмегі

Сенім телефонының көмегі

Баспасөзде жарияланып, теледидардан көрсетіліп жататын сенім телефондарына бұрын онша мән бермейтінмін. «Қазпошта» АҚ ауылдық бөлімшесі қызметкерінің түрлі себептермен жұмыс орнында болмауынан мемлекеттік жәрдемақымды төрт ай бойы ала алмай, «Орда жұлдызында» басылған аудандық прокуратураның сенім телефонына қоңырау шалып, мән-жайды баяндағанмын. Дәл сол күні түстен кейін-ақ тиесілі ақшам қолыма тиді. Осынау игі іс үшін аудан прокуроры Нартай Байменов бастаған прокуратура ұжымына деген ризашылығымды сүйікті газетім арқылы білдіруді жөн көрдім. Заңдылықтың сақталуын қадағалаудағы олардың қызметтеріне алда да табыс тілеймін. Ел алғысын арқалай беріңіздер.

Эльвира КАУКЕШЕВА,

Бисен ауылының тұрғыны.