20.01.2017, 19:09
Қараулар: 189
Кемшілік кеңшілікті сүймейді

Кемшілік кеңшілікті сүймейді

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметтік  көмек беру секторы меңгерушісі Сұңғат Қойшекенов, «Соқырлар» қоғамдық бірлестігі Бөкей ордасы корпоративтік қорының президенті Тәттімбек Баймұқановтар әлеуметтік маңызды мекемелер ғимаратына кіріп-шығудың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлылығын тексеру бағытында арнайы рейд жүргізді.

Тексеру нәтижесі көрсеткендей, халыққа қызмет көрсету орталығында  шақыру тетігі іске қосылған. Ал, халық жиі бас сұғатын «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінде пандус стандартқа сәйкес келмей шықты. Мекеме басшысы Г.Мұқанова бұл кемшілікті жою бағытында жұмыстанатынын жеткізді.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ.