24.01.2017, 23:07
Қараулар: 293
Дербес бюджетке дайындық

Дербес бюджетке дайындық

Аудандық қазынашылық басқарма арқылы қазынашылық қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік субъект секторлары 2014 жылға дейін өздерінің қаржылық құжаттарын аудандық қазынашылық басқармаға қағаз түрінде әкеліп тапсыратын. Оларды орындауға екі күн жұмсалатын.

2014-2015 жылдары бұл қызмет «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесі бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға көшірілді. Осы электронды құжат айналымы мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік субъект секторынан түскен қаржылық құжаттарды 8 сағат ішінде тексеріп, жүйеге енгізеді. ҚР Қаржы Министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары негізінде биылдан бастап құжаттарды тексеру 1 сағатқа кеміді.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасының 98-қадамына және 2015-2020 жылдары жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған концепцияға сай, келер жылдан бастап бюджеттік басқару саласында жергілікті ауылдық округтердің дербес бюджетін енгізу жоспарлануда. 2018 жылы халық саны 2000-нан асатын ауылдық округтердің дербес бюджеті болады. Ол бюджет өздерінің кірістерімен (салық және салық түсімдерімен), аудандық бюджет субвенциясымен және жоғарғы бюджеттердің мақсатты трансферттерімен қаржыланады. Дербес бюджет енгізілгеннен кейін ауылдық округ мамандары ауылдан шықпай-ақ аумақтық қазынашылық органдардың «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету мүмкіндігін алады. Дербес бюджетпен жұмыс жасау үшін ауылдық округтер заманауи компьютерлермен жабдықталып, білімді де білікті мамандарды әзірлеуі тиіс.

Ж.ӨТЕШҚАЛИЕВ,

аудандық қазынашылық

басқарманың басшысы.