18.03.2017, 11:47
Қараулар: 1410
Абай һәм Махамбет оқулары

Абай һәм Махамбет оқулары

Аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының ұйымдастыруымен оздырылған XYIІI Абай және YІII Махамбет оқуларына Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептен өзге білім ошақтарының (оқыту тіліне қарамастан) 5-10-сынып оқушылары және аталмыш орталықтың тәрбиеленушілері қатысты.

XVIІI Абай оқуларының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу кезеңінде жексенбаевтық Яна Сағындықтың (5-сынып, жетекшісі Г.Садықова) асығы алшысынан түссе, бегалиевалық Серік Мұрат (5-сынып, А.Жомартова) ІІ, жәнекешевтік Аида Боранбайқызы (5-сынып, Ж.Отарбаева) ІІІ орындарды еншіледі. Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде І орын жәңгірхандық Бағдагүл Мұхамбетқалиеваға (10-сынып, Р.Алмурзина), ІІ мәметовалық Бексұлтан Қайратовқа (8-сынып, Б.Кабиров), ІІІ жүлде жексенбаевтық Гауһар Сатыбалдиеваға (9-сынып, Б.Әкімғалиев) бұйырды. «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» жас дарындар бөлімінде бегалиевалық Сара Шотанова (8-сынып, А.Жапаева) көш бастап, құсайыновтық Балым Мақсотова (10-сынып, Қ.Кенжеғарина) мен жексенбаевтық Фариза Шыңболатова (7-сынып, Г.Сейтқазиева) тиісінше ІІ, ІІІ орындарды иемденді.

VІII Махамбет оқулары да үш бөлімнен құралып, Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсыновалардың шығармаларынан жатқа оқылған «Ел құтқарар ер едім…» конкурсында жәнекешевтік Аружан Қуанғалиева (7-сынып, Р.Кіршібаева) І, құсайыновтық Бекзат Әмірхан (6-сынып, А.Жомартова) ІІ, бабажановтық Нұрайна Рахатова (9-сынып, Г.Махмудова) ІІІ орынды қоржындарына салды. Махамбеттің күйлерін, Ф.Оңғарсынованың өлеңдеріне арнап шығарылған әндерін орындаушылар «Ұлы арман» конкурсында құсайыновтықтар Дамир Сағынғали, Нұрхат Ғалым (9-сынып, Қ.Бекжанов), мәметовалық Аружан Бердібекова (5-сынып, Б.Кабиров), жәңгірхандық Айгүл Рамазанова (10-сынып, Р.Алмурзина), соңғы «Тартынбай сөйлер асылмын…» жас дарындар конкурсында жәңгірхандық Алтынбек Айғалиев (11-сынып, А.Наурызова),  құсайыновтық Айшат Рашитова (10-сынып, Н.Әмірғалиева), бегалиевалық Нұртай Ізғали (6-сынып, А.Жапаева) үздік үштіктен көрінді. Белсенді қатысқандар да Алғыс хатпен марапатталды.

Әсемгүл КҮЛЕКЕЕВА,

аудандық мектептен тыс

тәрбие орталығы директорының орынбасары.

 

Абай және Махамбет оқулары

Басқа да мақалалар