4.04.2017, 10:01
Қараулар: 225
Бомба залалсыздандырылды

Бомба залалсыздандырылды

Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 24 наурыз күні сағат 19:20-лар шамасында Сайқын ауылы көшелеріне су жүйесін жүргізу мақсатында жер қазып жатқан «Альфа Сервис Строй» ЖШС эксковаторшысы Құсайынов көшесіндегі 47 үй маңынан 1,5 метр тереңдік шамасында диаметрі 20 см, ұзындығы 67 см жарылғыш зат тауып алғаны жөнінде хабар түсірді. Оқиға бойынша құжаттар толтырылып, аудандық ішкі істер бөліміне жолданды,  тиісті құзіретті мекемелерге хабардар етілді. Атырау қаласынан арнайы әскери мамандар келіп, тексеріп, жарылғыш заттың Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған әуе бомбасы екені анықтады және осы жөнінде құрылған комиссияның қатысымен ол Сайқын ауылынан үш шақырым қашықтыққа шығарылып, залалсыздандырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан аумағының бірталай жері неміс басқыншылары ұшақтарының бомбалауына ұшырағандықтан әртүрлі нұсқада мұндай жарылғыш заттар жиі табылып жатады. Аудан жұртшылығын жарылғыш заттар немесе оған ұқсас нәрселерді тауып алған, кезіктірген жағдайларда өз беттерімен әрекет жасамай, ұстап-қозғамай, шұғыл түрде аудандық ішкі істер бөліміне немесе аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабарлауды сұраймыз.

Тұрарбек АПАҚАЕВ,

аудандық ТЖ бөлімінің бастығы,

 азаматтық қорғау капитаны.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар