19.04.2017, 19:37
Қараулар: 276
«Ашық есікке» ресейлік азамат келді

«Ашық есікке» ресейлік азамат келді

Бөкей ордасы аудандық сотында тұрғындарды мазалайтын құқықтық жеке мәселелерімен қабылдауға арналған «Ашық есік» күндері ұйымдастырылуда.

Жақында оған Ресей Федерациясының азаматы М.Шәкенов келіп, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Қазақстан Республикасында еңбек еткен фактісін анықтаудың мән-жайын сұрады. Сот төрайымы Г.Сағитова оған қолданыстағы Заң талабына сәйкес жауап беріп, аталған мәселе бойынша тұрғылықты жеріндегі сотқа жүгінуіне болатынын және арызға қандай құжаттарды жалғау керек екендігін жан-жақты түсіндірді.

Ресейлік азамат судьяға нақты берілген көмегі үшін алғыс сезімін жеткізді.

А.АМАНОВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар