Мектеп мерейін асырды

«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай Алматы қаласында  өткен «Ұлы даланың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты республикалық байқауға қатысқан  үш оқушы жүлделі орыннан көрініп, мектеп мерейін тасытты. 

«Көркем сөз» сайысында Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері мен мысалдарын мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 10 «б» сынып оқушысы Ұлданас Мақашева  (жетекшісі А.Рамазанқызы) І орын иеленсе,  «Ғылыми-танымдық жұмыстар» бөлімінде  10-сынып оқушылары Ақбота Нұрғуатқызы (жетекшісі А.Рамазанқызы) мен Шынарай Қазиолла (жетекшісі Г.Есмұқанова) ІІ орынға лайық деп танылды.

Осы байқауда  топ жарған  оқушыларға  әрі олардың ата-аналарына айтар алғысымыз шексіз. Әр отбасында осындай қолдау болатын болса, нұр үстіне нұр. Бұл әр баланың қабілеті ашылып,  одан әрі шыңдалуына үлкен мүмкіндік берер жол. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, өнерлі шәкірттердің жолдары қашанда ашық болғай!

Айгүл ТАСТЕЕВА,

М.Бегалиева атындағы орта мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.