Қос шәкірт қуанышы

Т.Масин атындағы орта мектеп оқушысы Азиз  Жексенбаев Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық-ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығында болып, үлкен әсермен оралды. Ем алып, демалған  ол  өзіне көп жаңа  достар тапқанын айтады. Әрі ой қозғайтын тапсырмалар орындап, түрлі жарыстарға да қатысқан. Осынау белсенділігі арқасында  арнайы дипломға да  ие болыпты.

Тағы бір шәкіртіміз Құдайберген Төремұратов та  Орал қаласындағы  «Дарын» қосымша білім орталығы базасында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған «Достық құшағында – 2017» атты бейімді мәдени танымдық ауысымнан тың шабытпен қайтты. Әрі ол орталықта түрлі танымдық  шараларға  белсене қатысқанын әсерлі әңгімелеп берді.

«Қуантсаң, баланы қуант» дегендей, оқушылардың әр күні қуанышқа толы болуы үшін біз де  аянбай еңбек ететін боламыз.

                  Ұлболсын МҰФТАХИЕВА.                                      

Жиекқұм ауылы.

Бисен ауылдық округі.