20.04.2017, 18:03
Қараулар: 102
Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Жәңгір хан атындағы орта мектепте «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген бабалар нақылын алға тартқан мектеп директоры Олжас Түсіпқалиев бала тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайтынын айтты. Жиналыс барысында «Отбасылық құндылықтарды арттыру және насихаттау, отбасы институтын нығайту» тақырыбында буклеттер таратылып, оқушыларымыздың күшімен дайындалған бейнероликтер де көрсетілді. Әрі жиналған ата-аналар, аудандық мәслихат депутаттары, ақпараттық мобильді топ мүшелері «Бала тәрбиесі – бесіктен» атты баяндаманы тыңдап, сол төңіректе сұрақтар қойды, өз ұсыныстарын да білдірді.

Отбасы мемлекеттіліктің ең кішкентай бөлшегі екенін ескерсек, үлгілі жанұя, ынтымағы жарасқан халық, бейбіт елді, яғни, зорлық-зомбылықсыз әлемді қалыптастыру, бүлдіршіндерге бейқам балалық шақ сыйлау өз қолымызда десті жиналғандар. Ал, осы бағытта жұмыстану әр қоғам мүшесінің міндеті һәм парызы екені және айқын.

***

Аудандық ішкі істер полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Нұрғиса Дүйсенғалиев пен Орда ауылдық учаскелік инспекторының көмекшісі Талант Ғазезов Жәңгір хан атындағы орта мектеп оқушылармен кездесті. Онда Нұрғиса Оралбайұлы «Балалар мен жасөпірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу туралы» баяндама оқыды. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, адамға жәбір көрсету мен өзге де құқықбұзушылықтың салдары жөнінде толыққанды жауаптар алды.

Гүлзада ШӘРІПОВА,

мектеп директорының тәрбие

 ісі жөніндегі орынбасары. 

Жанар МҰХИТОВА,

мектеп тәлімгері.

 

 

мектепішілік шара

Басқа да мақалалар