25.04.2017, 12:47
Қараулар: 432
Келеңсіз әрекеттерге кедергі болайық!

Келеңсіз әрекеттерге кедергі болайық!

Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса, оқушыларға құқықтарын қорғау туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеу аса маңызды іс. Зорлық-зомбылық пен жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, одан сақтануды үйрету – ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.

«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын» іске асыру мақсатында М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте «Балаларыңызды қорғаңыз! Бала – өмірдегі ең қымбат жан!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шараға аудандық прокуратураның прокуроры Нұрат Саматов, аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы Қайрат Ғайсин, 5-10-сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп директоры мен оның орынбасарлары, психолог, сынып жетекшілері қатысты. Онда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Махмудованың және мектеп психологы А.Жасталапованың баяндамалары тыңдалып, бейнероликтер назарға ұсынылды. Прокурор Н.Саматов өз ойын білдіріп, ата-аналарға балаларының тәрбиесіне  көп көңіл бөлу керектігін айтты. Ата-аналар атынан  сөйлеген Мұрат Қабылбаев аталмыш шараның маңызы зор екендігіне тоқталып, келеңсіз жағдайдың алдын алуда отбасы мен мектеп бірлесе жұмыстанған да ғана нәтиже беретіндігін атап көрсетті.

Шараны мектеп директоры Жұбан Ғұмаров қорытындылады. Ата-аналарға «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» тақырыбындағы жадынамалар таратылды.

Гүлімжан ЖОМАРТҚЫЗЫ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар