25.04.2017, 14:27
Қараулар: 249
Жастар жырлағанда…

Жастар жырлағанда…

Жақында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Жырласа жастар жырласын!» атты жас ақындар мен көркемсөз шеберлерінің мүшәйрасы өтті. Екі бағыт (жас ақындар Алаш қайраткерлеріне арнап шығарған өлеңдерін оқу болса, көркемсөз шеберлері Алаш қайраткерлерінің 2 өлеңін жатқа айту) бойынша өткен сайысқа аудан орталығындағы М-С.Бабажанов, М.Мәметова атындағы орта мектептерінің оқушылары мен Бөкей ордасы колледжі студенттері қатысты.

Нәтижесінде жас ақындар жанрында  І орынды М.Мұқаев (Бөкей ордасы колледжі) жеңіп алса, ІІ, ІІІ орындар сәйкесінше А.Өтегенова мен Л.Жігероваға (екеуіде М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп) бұйырды. Көркемсөз шеберлері номинациясында алғашқы  орынды А.Мақашева (Бөкей ордасы колледжі), ІІ, ІІІ орындарға А.Егінғалиева (М.Мәметова атындағы орта мектеп)  мен Ж.Байболатова табан тіреді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Мақтау қағаздары табыс етілді.

Медет ДӘУЛЕНОВ.

Сайқын ауылы.