Әріптес жетістігі


  Орал қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында педагогтердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

 

Онда  Қазақстанның және көршілес Ресейдің Самара мен Саратов қалаларының білікті   мамандары бас қосты. Оған аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің дефектологі Ұлболсын Хасенова барып,  өз тәжірибесімен бөлісіп  қайтты. «Психикалық дамуы тежелген 5-7 жастағы балалардың танымдық қабілеттерін дамытатын дидактикалық ойын түрлері» атты шеберлік сыныбын өткізген ол «Сөйлеу, есту, көру, тірек қимылдары және зейін ақауы бар балаларды дамыта оқытуды ұйымдастыру мен оның мазмұны» атты  дефектологтардың  шеберлік сыныбында да  жоғары деңгейден көрініп, арнайы  мадақтамаға ие болды.

Бұл ұжым үшін үлкен жетістік. Ұлболсын Ерболатқызын біз де құттықтап, алда да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.

Аяна КАРИНА,

аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті әдіскері.