6.06.2017, 10:16
Қараулар: 527
Аянат Алматыға жолдама алды

Аянат Алматыға жолдама алды

Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтің 115 жылдығына орай  Орал қаласында өткен «Күй дәстүрінің шежіресі» атты І республикалық балалар-жасөспірімдер және ересектер шығармашылық байқауында аудандық саз мектебі   баян бөлімінің шәкірті Жарас Серіков (жетекшісі  Ермек Шарипов) пен қобыз бөлімінің оқушысы Рада Манасова (Зухра Дүйсенғалиева) І орынды  жеңіп алса, жас қобызшылар Зарина Сүлеймен ІІ, Айназ Ниетқали ІІІ орыннан көрінді. Ал, фортепиано сыныбының шәкірті Назерке Маралова (жетекшісі Гүлфия Жоламанқызы) І орынға лайық деп танылса, Диляра Рамазановаға ІІІ орын бұйырды.  Осы құрамда барған фортепиано сыныбының ең жас әрі талапты шәкірті Аянат Шынболатқызы  (жетекшісі С.Рахымжанова) бас жүлдені жеңіп алып, жерлестерінің абыройын асқақтатты. Өнерлі өрен енді Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауда өз бағын сынамақ.

Гүлнар ТҰРСЫН.

 

Жағымды жаңалық

Басқа да мақалалар