Жастар ұйымдастырған ауызашар

Барша мұсылман қауымның асыға күтетін жыл он екі ай ішіндегі айлардың төресі – қасиетті Рамазан айы. Осы айда  имандылыққа бет бұрып, ниет етіп, ораза ұстау үлкен сауапты іс екені баршаға аян. Ал, ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің өзі де үлкен сауап. Осындай игі істер Хан ордасы ауылында лайықты жалғасын табуда. Жақында Жәңгір хан атындағы орта мектептің 2012 жылғы түлектері бірігіп, ораза ұстаған ауылдастарына ауызашар берді. Онда Орда мешітінің иманы Есет Макешев Пайғамбарымыздың (с.а.у.)  ғибратты әңгімелері мен хадистерінен мысалдар келтіріп, жиналғандардың дін жөніндегі танымдарын кеңейте түсті.  Орда ауылдық  округі  әкімі Медет Сейсенов, Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса Мақымов  және  ақылы дария ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелеріміз сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға баталарын берді.

Жастардың ой ұғынсақ талабынан,

Адам қалмас әдетте заманынан.

Барлығымыз бұл айда ниет етіп,

Құр қалмайық, Аллаһтың сауабынан.

 

Мейірімді жан жоқ асқан мұсылманнан,

Сауап  та мол ауызашар ұсынғаннан.

Айлардың ең төресі Рамазанда,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Жарқын АХМЕТКЕРЕЕВ,

 Хан ордасы ауылы.