«Арай» лагері ашылды

Аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Арай» стационарлық туристік-сауықтыру лагерінің жазғы ауысымы мемлекеттік Әнұранының шырқауымен ашылып, командалар топтың аты мен ұрандарын таныстырып, аға тәлімгер Досжан Кенжебаевқа рапорт тапсырды.

Салтанатты кештің қонақтары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиев және аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Абзал Ижанов демалушыларға жазғы лагерьді көңілді әрі есте қаларлықтай өткізулеріне тілек білдірді.

Айта кету керек, лагерь 7 күннен 9 ауысым бойы жұмыс жасайды. Төсек-орындары жайлы да ыңғайлы орналастырылса, күніне 4 мезгіл тамақ беру де қарастырылған. Алғашқы ауысымға 11-17 жас аралығындағы 35 оқушы қамтылып отыр.

Кеш соңы оқушылардың «ЕXPO – 2017» халықаралық көрмесіне орай дайындаған флешмобпен қорытындыланды. Және интерактивті тақтадан «ЕXPO – 2017»-нің шығу тарихымен танысып, видеороликтерді қарап, тамашалады.

Айша ҚҰРМАШ.