Сыбайластықтың сыбағасы да дайын

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазақстандықтар үшін өзекті мәселе. Жегі құрт сынды індет мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіреді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу тапсырылып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне құқықбұзушылықтың алдын алуды жүйелі түрде жүргізу жүктелген.

Сот саласы қызметшілерінің де осы кеселдің алдын алуы үшін білім деңгейі, әдептілік ұстанымы жеткілікті болуы қажет. Өз қызметіне жауапкершілікпен қарауы, азаматтардың арыз-шағымын қабылдауы, қызмет бабында бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастардан аулақ болуы қатаң сақталуы тиіс. Жалпы, сыбайластыққа жол бермеу Қазақстан Республикасындағы әр азаматтың міндеті, халық алдындағы борышы екенін естен шығармайық.

Зияш ЗАЙНОЛЛИНА,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.