Түсінік жұмыстары жүргізілуде

ҚР ІІМ ҚАЖД-нің бұйрығына сәйкес, елімізде маусым айының 12-16-сы аралығында «Шартты түрде» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Оның аясында аудандық пробация жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, сотталғандарды жұмыс орнынан, тұрғылықты мекенжайынан тексеріп, олармен құқықбұзушылық пен қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында жеке түсінік жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар шартты жазаға кесілгендерді бақылау үшін оларға ықпал ете алатын немесе мәліметтер білетін туысқандары мен көршілерінен пікір сұрау да қолға алынды (суретте). Бұл жұмыстар пробация қызметінің есебіндегі 23 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес (олардың 1-еуі қоғамдық жұмысқа тартылған, 3-еуі белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айырылған, 15-і бас бостандығын шектеу жазасына, 4-еуі шартты түрде) сотталғандар арасында жүзеге асады.

Мақпал БЕКҚАЛИЕВА,

аудандық пробация қызметінің инспекторы,

әділет капитаны.