28.06.2017, 15:41
Қараулар: 444
Техникалық байқау: талап жоғары                                

Техникалық байқау: талап жоғары                                

   

     Қазақстан    Республикасы    Ауыл  шаруашылығы  министрінің  2015  жылғы  6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығымен «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің жөніндегі мемлекеттік қызметі тәртібі белгіленді.

         Ауданымыздың шаруа қожалықтары, жеке және заңды тұлғалары иелігінде әртүрлі маркалы 685 трактор және 400-ден астам трактор тіркемелері бар. Шаруа қожалықтары, ұйымдар мен мекемелер үшін олардың ведомстволық бағынушылығына қарамастан, барша техникасы бар азаматтарға (иеленушілерге) мемлекеттік техникалық байқау міндетті болып табылады. Онда техниканың жай-күйi бағаланып, саны, тиесілігі және басқа да тiркеу деректері нақтыланады. Ақаулы техниканы пайдаланудың, қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтардың, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Техникалық байқау техника иесінің тұрған жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі белгіленген мерзімде жүргізіледі (кесте төменде жарияланып отыр). Жеке және заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі машиналарды байқаудан өткізу үшін белгіленген жерге әкелуі міндетті.

Заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):

  1. Белгіленген нысандағы өтініш;
  2. Техникаларды қарап-тексеру актісіне енгізу үшін маркасы және моделін, шыққан жылын, машинаның және двигательдің зауыттық нөмірін, сериясын және мемлекеттік нөмірлік белгісін көрсетіп, теңгерімде тұрған машиналардың тізімін;
  3. Машинаның тіркеу құжаттарын (техникалық паспорт);

         Ал, жеке тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі):

  1. Белгілі нысандағы өтініш;
  2. Машинаның тіркеу құжаттарын (техникалық паспорт) ұсынады.

         Мемлекеттік техникалық байқауға белгіленген мерзімде әкелінбеген, нормативтiк-техникалық құжаттары талаптарға сәйкес келмейтін не жол қозғалысының кауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіретін машиналар ақаулы деп есептеледі және ережеге сәйкес оларды пайдалануға тыйым салынады.

Талғат ӘБДІРЕШЕВ,

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің

бас маман инженер-инспекторы. 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар