Әдемі әсер сыйлады

Мектеп оқушылары үшін жазғы каникул ең керемет мезгіл. Оны әр бала да асыға күтеді. Осы орайда,  М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп жанынан да «Жұлдыз» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылып, 1 маусымнан өз жұмысын бастады. Онда 3 ауысымда 50 шәкірт тынықты. Демалушылар 1 мезгіл ыстық тамақпен  қамтылды. Алдын ала белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар (спорттық жарыстар, интеллектуалды сайыстар, концерттік бағдарламалар) уақтылы өткізілді. Оқушылар мектеп мұражайы мен аудандық балалар кітапханасына барып, олардың жұмыстарымен танысып, таным-біліктерін кеңейтіп қайтты. Әр ауысымдағы балалар 10 күн ішінде қызғылықты шаралармен уақыттарын мәнді өткізіп, жабылу салтанаттарында тынығушылар өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, лагерьмен қимай қоштасып, әдемі әсермен тарқасты. Белсенді оқушыларға Мақтау қағаздары табысталды.

Лунара ИМАНҒАЛИЕВА,

М-С.Бабажанов атындағы

орта мектептің дефектологі.