4.07.2017, 12:07
Қараулар: 430
Желбіреді лагерьлердің жалауы

Желбіреді лагерьлердің жалауы

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Менің де  қызыққа  толы  күндерім  Хан  ордасы ауылындағы  «Болашақ»  үш тұғырлы  тіл дамыту лагерінен бастау  алды.  Алғашқы  күні танысу  кеші  ұйымдастырылып, бір-бірімізбен танысып, жақын араластық. Ашылу  салтанатында  Жәңгір  хан атындағы орта мектептің  директоры  О.Түсіпқалиев  балаларға  жақсы демалыс тіледі.

Мұнда дене шынықтыру жаттығулары, ертеңгіліктер, түрлі сайыстар өтті. Тәрбиешілер  мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың әр күні  қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады. «Көңілді старт», «Жұлдызы  жанар  жарқырап», «Mister and  Misses Bolashak», «Би билейік жараса», ағылшын  тіліндегі «Ертегілер еліне  саяхат» қойылымы,  «Үздік  машықкер  мен  топ  басшы» сияқты  сайыстарына қызығушылықпен қатыстық. Ән айтып, би биледік. Меңгерушіміз  А.Хайроллинаның айтуынша, әр мектептен жиналған біздер бір үйдің балаларындай тату болып кеттік. Құрбыларымның қай-қайсысымен әңгімелессем де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, көп дос тапқанын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтергенін айтып, ерекше қуанады.

Осылайша, демалысымыз мәнді де сәнді өтті. Бұл тұста тәрбиешілер еңбегін ерекше атап өткім келеді. Алтын Меңжанқызына, тәлімгерлер, машықкерлер, аспазшылар мен түн ұйқыларын төрт бөлген кезекші апайларға ата-анамыздан  жырақта  жүрген бізге керемет  көңіл-күй  сыйлап, қамқор  болғандары  үшін  алғысым шексіз. «Болашақ»  лагері, сен  шынында да  ерекшесің!

Г.АМАНЖОЛОВА,

«Болашақ» лагерінің демалушысы.

Сайқын ауылы.