4.07.2017, 12:31
Қараулар: 227
Байқауда бағыңды сынап көр

Байқауда бағыңды сынап көр

Үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін тарату, білікті және белсенді партиялық кадрлардың резервін қалыптастырып, партиялық және сайланбалы қызметке ұсыну мақсатында «Нұр Отан» партиясы «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын жариялап, партия жұмысына бұқараның назарын аударуда.

Байқауды бағалайтын комиссия құрылды және барлық бастауыш партия ұйымдары қатысу үшін тең жағдайлар жасалады. Бұл ашық байқау 3 кезеңнен тұрады: I кезең – аумақтық партия филиалында ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін, II кезең – аймақтық партия филиалында 1 қарашаға дейін, III кезең – партияның орталық аппараты деңгейінде 1-30 қараша аралығында.

Әрбір кезең қорытындысы бойынша марапаттау көзделген. Ал, соңғыда I орын 700 мың теңге, II орын 500 мың теңге, III орын иелері 150 мың теңге ақшалай сыйақы алады. Жеңімпаздарды марапаттау Астана қаласында өткізіледі. Байқаудың барлық кезеңдеріне қосымша номинациялар тағайындалды.

 «Нұр Отан» партиясының

аудандық филиалы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар