4.07.2017, 12:36
Қараулар: 386
Іс қарқынды жүруде

Іс қарқынды жүруде

Теледидарлардан беріліп жататын «Аңқаңды кептірме!» жарнамасын шөліркеуді бастан кешкендердің ғана түсінері хақ. Мейіріңді қандырар тұщы су көзін табудың өзі планета тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналып барады. Ол біздің ауылдарымызда да бар. Бисен ауылдық округінің Жамбыл мен Көктерек елді мекендеріндегі халыққа ауыз су жеткізу жолында жұмыстанып жатқан «Жиенбай» ЖШС-гі жігіттері екі ауылдың арасына құбыр тартуды аяқтап қалды. Енді көп кешікпей, ауылішілік жұмыстар басталмақ.

– Біздің бригадаға жүктелген міндет – ұзындығы он шақырымнан асатын су желісін елді мекендермен қоса, әр үйдің ауласына, ақысын төлесе, баспана ішіне кіргізіп беру. Құм өңірі болғандықтан қазылған шұңқырға іле құбыр төсеудеміз. Жобаға сай әр жерде құдықтар (сақиналар) тұрғызылады да, ол жер әзірге көмілмейді,-деген учаскелік мастер Тұрарбек Төлешев көпшіліктен мал мен баланың ол төңіректен аулақ жүрулерін қадағалауды сұрады.

Қысқасы, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша биыл ауданымызда Сайқын, Бөрлі, Жамбыл, Көктерек ауылдарына ауыз су құбырын тарту қызу жүргізіліп жатыр.

Дәулет ӘЛИЕВ.

Суретте: аудан әкімі Н.Рахымжанов бастаған топ

Көктерек бағытындағы іс барысымен танысуда.

Су – тіршілік көзі

Басқа да мақалалар