«ЛЕГО» лагері

Жазғы демалыс – балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Шуақты күндерімен бірге балалар лагері де өз жұмыстарын бастаған-ды. Оқушылардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналып келеді. М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп жанындағы «ЛЕГО» робототехника бағытындағы аудандық жазғы демалыс лагері де 2 ауысымда жұмыс жасап, онда Жәңгір хан, Ш.Жексенбаев, А.Құсайынов, М.Мәметова, Б.Жәнекешев, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептерден барлығы 45 бала демалды. Әр күн сайын демалушыларға робототехника бағытындағы сабақтар өткізілуімен қатар, сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында психологиялық тренингтер, «Біз бақытты баламыз», «Сенің жұлдызды сәтің», «Көңілді тапқырлар алаңы» (КТА), «Кім жүйрік?», «Биші Робот жобасы», «Көңілді эстафета», т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылып, спорттық ойындар да оздырылды. Шараларға белсене қатысқан демалушыларға лагерь ұжымы Мадақтама қағаздарын табыстады.

Арайлым ҚҰРМАШЕВА,

М-С.Бабажанов атындағы орта

 мектептің әлеуметтік-педагогы.