25.07.2017, 10:45
Қараулар: 442
ҰЛМЕКЕН – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

ҰЛМЕКЕН – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Еліміздің солтүстігіндегі Семей қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында пауэрлифтингтен оздырылған Қазақстан Республикасы чемпионатына аудандық спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі (бапкері Р.Қожағалиев) қатысып қайтты. Талай жүлделерді қанжығасына байлаған мектебіміздің Хан ордасы ауылындағы пауэрлифтинг бөлімінің жас спортшылары Ұлмекен Сағидоллақызы жатып сығымдап көтеру мен пауэрлифтингтен алтын медальді жеңіп алып, Қазақстан Республикасы чемпионы атанды. Махаббат Қайношева алғашқы түрінде жүлделі ІІІ, екіншісінде ІІ орынға  қол жеткізді.

Спорт әлемінде жұлдыздары жанған қыздарға және оларды жаттықтырған бапкерге еңбектерің жана берсін дейміз.

Роман СЕМИЛИДИ,

аудандық балалар-жасөспірімдер

спорт мектебінің әдіскері.