Сыңғыр қақты қоңырау

Алғашқы қоңырау… Төбелерінде аппақ бантиктері желбіреген сүп-сүйкімді бүлдіршін қыздар мен өздерінің есейіп қалғанын сезіп, айналаға жауапкершілікпен қарап тұрған  бейкүнә балақандар жүзі ерекше әдемі. Қолдарындағы шоқ гүлдерін қыса ұстап, киелі білім ұясына имене аттаған шәкірттер аспан әлемінде қалықтаған қарлығаш іспетті. Бұлар үшін бәрі таңсық, бәрі жаңа.  Олар енді білім баспалдағының алғашқы сатысына қадам басты. Ал, осы жылы мектептің соңғы сыныбына көшіп отырған шәкірттер де ерекше толқулы…

Биыл аудан мектептерін бітірген 150 түлек қияға қанат қақса, 2250-ге жуық оқушы білім ордасындағы жаңа оқу жылына сақадай сай әзірлікпен келді. Соның ішінде, 250 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Олар үшін алғашқы қоңырау сыңғыры ұзақ уақыт санада сақталары анық.

Гүлнар ТҰРСЫНТЕГІ.