12.09.2017, 11:04
Қараулар: 258
Бағдарлама бағыты түсіндірілді

Бағдарлама бағыты түсіндірілді

Жақында халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен  «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік және  ауыл шаруашылық бөлімдері, қоғамдық емес ұйым өкілдері мамандарының қатысымен   аталмыш бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру бағытында арнайы семинар өтті. Онда Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты мекемесінің директоры Ү.Жаңабеков, «БҚО Азаматтық альянс ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Ж.Танабаева және Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты мекемесінің заңгері Т.Жүсіповтер жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жан-жақты түсінік берді.

Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков мал басын бірдейлендіру турасында ой сабақтап, біраз құнды ұсыныстарды ортаға салды. Әрі ол малдың қиын оятын арнайы аппаратты  қолданысқа енгізу  жайында пікір білдірді. Тілеген Керейұлының бұл ойын Бисен, Бөрлі ауылдық округі әкімдері де қолдады.

Одан әрі Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты мекемесінің бас әдіскері А.Әміров округ әкімдеріне аталмыш бағдарламаның негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша тестілеу өткізді.

Тұрсын ТЕК.