12.09.2017, 11:10
Қараулар: 294
Талап та, тәртіп те қатаң болуы тиіс

Талап та, тәртіп те қатаң болуы тиіс

Аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде аудан әкімінің орынбасары мен аудандық білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Аудандық білім беру бөлімінің акті залында оздырылған аталмыш жиында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Балаларды бірге қорғайық!» жобасының іске асырылу барысы егжей-тегжейлі сөз болды. Яғни, жаңа оқу жылының білім жоспарына «Балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғаудың тиімді механизмдерін қалыптастыру» бағытында іс-шаралар енгізу тапсырылды. Биылғы оқу жылынан бастап баланың қалыпты жағдайын және қауіпсіздігін анықтау мақсатында жасырын психологиялық тесттерді өткізу (оның ішінде суицид және бопсалау тестілеріне аса көңіл бөлу), сонымен қатар, мектептердің жұмыс кестесін бекіту ұсынылды. Кестедегі көрсеткіштер бойынша мектептердің атқарған жұмысын бақылауға мүмкіндік туады. Ал, ол өз кезегінде белгіленген іс-шараларды орындауға қызығушылық тудырып, мектеп ұжымдары арасында бәсекелестік орнайды. Осылайша, жоғары балға жеткен үш мектеп мадақталып, ішінара номинациялар да белгіленеді.

Айта кетелік, алдағы уақытта уәкілетті органдардың бұл жобаны жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстар жөніндегі есептері тыңдалып, кейбір проблемалар талқыланады және нақты тапсырмалар беріледі. Бұл көптеген келеңсіз әрекеттердің жолын кесуге өз септігін тигізері хақ.

Нұрат САМАТОВ,

аудандық прокуратураның прокуроры.

Бала құқығын қорғайық!

Басқа да мақалалар