«Күз сыйы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақбота» бөбекжайында әр топтың  бөлмелері күз мезгіліне байланысты безендіріліп, ата-аналармен бірге  күзгі жеміс-жидектерден  «Күз сыйы» атты көрме ұйымдастырылды. 

«Балапан» және «Ақшуақ»  бірінші кіші топтағылар ата-аналарымен бірге сайысқа түсіп, «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері «Берекелі алтын күз» мерекелік ертеңгілігін өткізді. А.Тілегенованың жетекшілігімен  бүлдіршіндер арасында «Күз ханшайымы және ханзадасы» байқауы өтіп, оны Сайлау Қайырлиев пен Айлина Сейсенова жеңіп алды. И.Ғабдошева мен А.Тілегенова ортаңғы және екінші кіші топ бүлдіршіндерімен  «Спортпен достас» сайысын ұйымдастырып, күз ханшайымының тапсырмаларын орындады.

Л.ӘПЕНОВА,

бөбекжай әдіскері.

Хан ордасы ауылы.