5.12.2017, 11:02
Қараулар: 290
Ақжарма тілектерін жеткізді

Ақжарма тілектерін жеткізді

«Бақыттысың әр таң сайын көзіңді,

Сұлулыққа суарудан қашпасаң.

Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,

Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан» – деген Мұхтар Шахановтың өлең жолдарын сөзіне арқау еткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков бұл күнде жетпіс жасқа толып отырған сайқындық ардагерлер Меңдіғұл Топпасов пен Надежда Әменовалардың көңілдерін марқайтып тастады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен оздырылып жатқан осынау шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев, Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевтермен қатар аталмыш кеңестің төрағасы Иманбай Машотов және кеңес мүшелері мерейтой иелеріне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, олардың ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлестерін айрықша атап өтті. Өз кезегінде құрметке бөленгендер қатысушылардың ықыластарына ризашылықтарын, ақжарма тілектерін жеткізді.

Раушан АППАҚОВА.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар