7.02.2018, 10:51
Қараулар: 457
Дәстүріміз ұлықталды

Дәстүріміз ұлықталды

Жақында Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде кітапхана қызметкерлерімен бірлескен тағылымды шара өтті.

Онда ауылдың ақ жаулықты әжелері Тұрсын Кобнева, Дариға Сапашева, Айсұлу Сариева, Сақыпжамал Әшеновалар ұршық иіру, жүн түту, іс тігу сынды ұлттық салт-дәстүрімізді қыздарымыздың зердесіне сіңіру бағытында іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Жақсыдан – үйрен…» дегендей, кезегі келгенде асыл аналар оларды қызықтырған сұрақтарға да толымды жауап берді.

Ауыл әкімі Жалғас Ташуов әсерлі әңгімелері үшін әжелерге алғыс айтып, көңілді бірлендірер осындай басқосулардың кейінгі ұрпақ үшін өте қажет екенін жеткізді. Әрі мұндай шаралар алда да жалғасын табатынын көпшілік қаперіне салды.

«Тұмар» тобы «Қазақ» биін мың бұрала билеп, кеш шырайын аша түсті.

Қасым ЕСЕКЕШЕВ,

мәдениет үйінің директоры.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар