Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Астарлы әзіл, ұтымды жауап

Күні , 22 рет оқылды

Бисен ауылдық мәдениет үйінде мекемелер арасында «КТК шақырады» атты көңілді тапқырлар клубының маусымашары өтті. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл шараға ауылдағы мектеп, интернат және мәдениет үйі командалары қатысты. Сайыс шарттары бойынша әр команда өздерін таныстырып, еркін тақырыпта үй тапсырмасын орындауы қажет болатын. Соңғысында ойыншылар ауылдың мәселелерін астарлы әзілмен жеткізіп, көрерменге терең ой салды. Шешімі табылмай жатқан жағдайларды да қалжыңға арқау етті. «Бес әзіл» кезеңінде капитандар сынға түсіп, шымшыма сөзбен өмірдегі шынайы жағдайларды айтып, жиналғандарды қыран-топан күлкіге батырды. Ширатуда қойылған сұрақтарға да барлық командалар әзілмен ұтымды жауап берді. Төрешілер алқасының  шешімімен «Біз мұнда» (мектеп) командасына І, «Тек қана қыздарға» (интернат) ІІ, ал, «Көктайғаққа» (мәдениет үйі) ІІІ орын бұйырды. Оларға дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64