20.02.2018, 7:43
Қараулар: 357
Танымдық шара өтті

Танымдық шара өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хан ордасы мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты танымдық шара өтті.

Онда ауылдық мәдениет үйінің директоры В.Елемесова мен кітапхана меңгерушісі Ұ.Дүйсенғалиева қазақ, жалпы түркі халықтарының әліпбиі тарихына тоқталып, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты бейнебаян көрсетілді.

Көпшілікке жаңа латын қарпі қайыра таныстырылып, бұл шараға қатысушылар аталмыш әліппеде түрлі тапсырмалар орындап, логикалық сауалдарға да сол қаріппен жауап жазды. Үздіктер сапынан көрінгендер арасында Орда орман шаруашылығынан А.Ғазезов, тарихи мұражай кешенінен А.Оразгелдиева, Г.Елемесова, округ әкімшілігінен Ж.Бисенғалиев, Жәңгір хан атындағы орта мектептен С.Елемесова, т.б. болды. Олардың қаріпті меңгеруін Б.Мизамбаева, Г.Шәріпова, М.Қанатов сынды тіл мамандары тексерді. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталса, жалпы көрермендерге латын әліпбиі жазылған ашық хат үлестірілді.

Ажар БАЛАБАСОВА,

мәдениет үйінің әдіскері.