1.03.2018, 14:41
Қараулар: 405
Жастармен кездесті

Жастармен кездесті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашевтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар ауданымыздағы еңбек ардагерлерімен кездесті.

Оған Бөкей ордасы колледжі студенттері, аудандық аурухана қызметкерлері, М-С.Бабажанов пен М.Мәметова атындағы орта мектептің жас ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шарада алғаш болып сөз алған ауданның құрметті азаматы Чарльз Қойшыбаев ұзақ жыл еңбек етіп, құрмет демалысына шыққанын айтып, атқарған қызметтері турасында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, өзге де ардагерлер Елдос Кенжеғалиев, Зейнеп Әбдірахманова, Тамара Мағзомова және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов өткен қиын кезеңдер туралы сөз қозғап, естеліктерімен бөлісті. Жастар үлкендерге өздерінің алғыстарымен қоса, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толымды жауап та алды.

Тілеген Керейұлы қоғамда атқарған ерекше істерімен, адамгершілік асыл қасиеті, беделімен жұртшылыққа танылған шақырулы қонақтарға тәрбиелік маңызы зор әңгімелері үшін ризалығын білдіріп, дендеріне саулық тіледі.

Айша ҚҰРМАШ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар