Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Еңбегімен еленгендер

Күні , 370 рет оқылды

Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған дәстүрлі аудан әкімінің қабылдауы биыл да өзіндік сән-салтанатымен өтті. Қаһарлы қыс көгілдір көктемге кезегін беруге асықпаса да, жылы сөзге, ыстық ықыласқа кенелген осынау нәзікжандылардың жүздері жайнап, көтеріңкі көңіл күйде болды. Алдымен, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жиналғандарды әйел заты ерекше ардақталатын осынау мейраммен құттықтап, олардың қазіргі қоғамдағы орнына тоқталса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, өзге де мекеме, бөлім басшылары қайратты да талапшыл, мейірімді де парасатты сонау бір әжелеріміздің, аналарымыздың, апаларымыздың ізбасарларына жүрекжарды лебіздерін білдірді. Бүгінгі жиынға Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жергілікті жерлерде жүзеге асуына атсалысып жүрген әпкелер мен сіңлілер қатысып отырғандығын баса айтқан аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева да, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлжиян Бисекенова да, қабылдауға арнайы келген мұратсайлық Сақыпжамал Әшенова, бөрлілік Айбарша Бейісова, тағы басқалар ізгі тілектерін айтып, көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын жеткізді. Мереке иелеріне раушан гүлі ұсынылып, сыйлықтар табысталды.

Раушан БАҚЫТОВА.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64