25.03.2018, 16:31
Қараулар: 416
Қар суы да қауіпті

Қар суы да қауіпті

Ауданымыз өзен-көл мен су қоймаларынан жырақта, шөлейтті аймақта орналасқандықтан су тасқыны мәселесінің көтерілуі қисынсыз көрінуі әбден мүмкін. Әйтсе де, күрт еріген қар суының өзінен апатты жағдай туындауы да ғажап емес. Сондықтан ондай жағдайға тап болғанда қандай әрекет ету керектігін білу ешкімге де артықтық етпейді.

Су тасқынына дейін не істеу керек?

  • күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілетті мекемелердің рұқсаты бойынша салу;
  • қатерлі жерге тұрақтамау;
  • азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын жасау;
  • гидрометериологиялық мәліметтерге, хабарландыруларға назар аудару;
  • су тасқыны қатері білінгенде газ, электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру;
  • көлікпен немесе жаяу болсын биіктеу жерге орналасу;
  • басқарушы органдардың қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындау;
  • аула мен үй жанындағы қарларды далаға шығару.

Су тасқыны кезінде не істеу керек?

  • басқару органдардың тиісті нұсқаулары болғанша қауіпсіз жерде қалу;
  • тасқын суды кесіп өтуге болмайды, өйткені, тереңдігі 15 см тасқын су адам үшін қатерлі, ал, 50 см тереңдікті машина да еңсеріп өте алмайды;
  • егер сізге көмек керек болса, апат белгілерін (алау жағу, мылтық ату, ашық түсті тулар, автомобильдің дыбыс белгісі, т.б.) беріңіз.

Су тасқынынан кейін не істеу керек?

Үйіңізді мұқият тексеріңіз.

  • іргетастың (фундаменттің) тұтастығын;
  • қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;
  • газ және электр жүйелерін, зақымданған болса, оны қосуды мамандарға тапсырыңыз;
  • улы жыландар да болуы мүмкін;
  • үй орнықтылығына күдіктенсеңіз, үй ішінде қалмаңыз;
  • азық-түліктің жарайтынын тексеріп, суды қайнату қажет;
  • су тасқыны дүние-мүлікке зор шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұраңыз.

Тұрарбек АПАҚАЕВ,

аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар