13.06.2018, 17:20
Қараулар: 146
Бард орындаушылар жетістігі

Бард орындаушылар жетістігі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Шырқаған жастық шақ» атты бард әндерін орындаушылар арасында аудандық фестиваль оздырылып, жеңімпаз оқушылар облыстық кезеңге жолдама алған-ды.

«Орындаушы» бағытындағы сынақта Инабат Асқар (10-12 жас аралығы) мен Фариза Ғабіл-Манапова (13-15 жас) ІІ, «Жас қанат» ансамблі (13-15 жас) I орындарды жеңіп алды. Ал, қазақ ақындарының шығармаларын гитараға салып орындауда Фариза Ғабіл-Манапова (13-15 жас) мен Милана Шаппазгереева (16-18 жас) жүлдегерлер сапынан көрінсе, жалпы командалық есепте бөкейлік команда II орынды иемденді.

Талапты оқушыларды дайындаған команда жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Азамат Зайноллинге ОБЖТжЭО-ның директоры В.Фоминнің алғысхаты табысталса, жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Қадырованың мадақтамасы берілді.

Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

әдіскер.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.